2019 жылдың маусымы тарихтағы ең ыстық ай болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен ай ғаламшарымыздағы ең ыстық ай болды. Бұл туралы BBC АҚШ-тың ұлттық мұхиттар мен атмосфералық зерттеулер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғыдеректер бойынша, әлемдегі орташа температура 16,4C-қа көтерілсе,Антарктикадағы мұз аумағы рекордтық ең төменгі көрсеткішке жеткен.

АҚШ-тыңұлттық мұхиттар мен атмосфералық зерттеулер басқармасы (NOAA) орташа жаһандықтемпература 20-ғасырдағы орташа көрсеткіштен 2,2С-қа жоғары болғанын мәлімдеді.

Еуропа,Ресей, Канада мен Оңтүстік Американың бірқатар бөлігінде ыстық қатты сезілген.

Соңғы жаңалықтар