2019 жылға дейін Қазақстанда төрт арнайы футбол академиясы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш жылда Қазақстанда 14-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді оқытатын төрт арнайы академия ашылады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Хасенов мәлім етті.

«Біздің мақсатымыз - алдағы үш жылда еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде, шығысы мен батысында төрт аймақтық академия ашып, 2026 жылға қарай олардың санын 16-ға жеткізу. Яғни, әрбір аймақта кем дегенде бір футбол академиясы болу керек. Осы академияларда білім алатын балалардың санын бес мыңға жеткізу көзделген»,-деді бүгін «Sarap Time» пікірталас клубының кезекті отырысына қатысқан Е.Хасенов.

Оның айтуынша, аймақтық академиялар мықты футболшыларды дайындау үшін бір жүйе құрып береді. Академия оқу үшін 14 пен 18 жас аралығындағы талантты балалар мен жігерлі жігіттер іріктеледі. Жас футболшылар жыл он екі ай академияның жатақханаларында тұрып, екі күн жаттығып, орта білім алып, кешенді жаттығуларын жүргізе алады.