ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, мультиспорттық додаға 170 елдің өкілдері қатысады деп жоспарланған. Аталған додада ел намысын Қазақстанның 94 спортшысы қорғамақ.
«Универсиада ойындарына үлкен құраммен аттанушылар қатарында семсерлесу спортының өкілдері бар. Италия төрінде 18 ноянымыз бақ сынайды. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан - 16, таеквондодан 15 спортшыға сенім артамыз. Садақ атудан- сегіз, нысана көздеу және стенд атудан он спортшы аттанады. Спорттық және көркем гимнастикадағы өкілдеріміздің саны - алтау. Сонымен бірге, төрт теннисші, он дзюдошы және жүзу спортынан жеті спортшы Универсиада жүлдесіне таласады», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі, яғни 2017 жылы Қытайдың Тайбэй қаласында өткен Жазғы универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 16 медаль жеңіп алды. Оның 3-еуі - алтын, 6- күміс, 7 - қола медаль.