Жобаның таныстырылымына ел президенті Режеп Тайип Ердоған қатысты.
Шарада Түркия президенті ірі мегаполисте жаңа опера театры 2019 жылға қарай ашылатынын айтты. Сондай-ақ, мәдениет саласындағы қазіргі ахуал түбегейлі өзгеруі тиіс екенін атап өтті.
Түркия президентінің сөзіне қарағанда, Ататүрік атындағы жаңа Мәдениет орталығы Ыстанбұлдың символына айналады.