Ведомство мәліметінше, өткен жылда бағаның өсуі құмшекерге – 33,9, күнбағыс майына – 33,7, жармаларға – 28,7, жұмыртқаға – 20, картопқа – 16,8, ұнға – 16,3, жаңа жиналған көкөністерге, қой етіне– 15,4, жаңа жиналған жемістерге – 14,9, макарон өнімдеріне – 14,7, сары майға – 13,6, жылқы етіне – 11,9, мәйекті ірімшікке – 11,4, шайға – 11,2, мұздатылған балыққа – 10,1, сиыр етіне – 10, сүтке – 9,7, шошқа етіне – 8, нанға 5,9 пайыз деңгейінде белгіленді. Темекі өнімдері – 14,9, минералды және ас суы – 10,4, алкогольді сусындар 7,8 пайызға қымбаттады. Бағаның төмендеуі тауықтың сирағына – 5,7, сөкке – 2,6, күрішке 1,7 пайыз тіркелді.
Баға өсімі алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға – 13, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 10,2, дәрі-дәрмекке – 9,9, жеке қолданылатын тауарларға – 9,4, тұрмыстық аспаптарға – 8, автомобильдерге – 7,3, ноутбуктерге – 6,7, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 6,6, ыдыс-аяққа – 6,1, киім және аяқ киімге 4,8 пайызды құрады. Тас көмір – 3,5, бензин 2,5 пайыз қымбаттап, дизель отыны 6,6 пайызға арзандады.
Баға деңгейі құқықтық қызметтерге, жеке көлік құралдарын сақтандыруға – 10, кинотеатрлар қызметтеріне – 8,1, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 7,2, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 6,9, денсаулық сақтау қызметтеріне – 6,3, моншаға – 5,7, жерлеу қызметтеріне 5,6 пайыз өсті.Таксимен жол жүру ақысы – 6,8, жолаушылардың теміржол көлігімен 4,2 пайыз қымбаттады, ал әуе көлігімен 6,2 пайызға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 20,5, электр энергиясына – 6,5, суық суға – 1, ыстық суға 0,7 пайыз өсті, ал орталықтын жылытуға – 2, кәрізге1,4 пайыз төмендеді.