Әлеуметтік қызметтер тек оған зәру азаматтарға ғана көрсетіледі. Бұл туралы бүгін, биылғы дәстүрлі Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президенттің айтуынша, әлеуметтік қызметтердің сапасы қазіргі заманғы стандарттармен Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сәйкес болуы керек. «Ал біз болсақ байға да, бақуаттыға да бірдей қызмет көрсетіп келеміз. Бұл мәселемен мықтап айналысу керек», деді Елбасы.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ 2015 жылы базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі жалақының 60 пайызын, ал мемлекеттік әлеуметтік өтемақылар 1,2 есеге артуы керектігін атап өтті.