Бұл мекенге келетіндердің басым көпшілігі ҚХР азаматтары, 5 пайыздан азы ғана - шетелдіктер. 2020 жылға қарай Тибетке келетін туристер ағынын жылына 35 млн адамға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы 3-ші халықаралық мәдени-туристік жәрмеңкесінде ҚазАқпарат тілшісі Садық Акижановқа берген сұхбатында ТАА Туризмді дамыту жөніндегі комиссия жетекшісінің орынбасары Ван Сунпин мәлім етті.
«2016 жылдың бірінші жартысында Тибетке 6,8 млн адам келді. Ол былтрығы осы кезеңдегі көрсеткіштен 31,9%-ға артық. Бұл өңірге 7 млрд юань кіріс әкелді (шамамен 1,05 млрд доллар - ред). Жыл соңына қарай Тибетті тамашалағандар саны 17 млн адамға жетеді. 2020 жылдары біз Тибетке туристер ағынын 35 млн адамға жеткізуді көздеп отырмыз», - деді Ван Сунпин Лхаса қаласындағы ашылған ТАА әкімшілік орталығында тұрып.
Оның айтуынша, Тибетке туристер ағынының артуы 2006 жылы «Цинхай-Тибет» темір жолы пайдалануға берілген соң басталған. Оған дейін туристер саны жылына 400 адамнан аспаған.
Тибеттегі 3-ші халықаралық мәдени-туристік жәрмеңкеге 400-ден астам шетелдік қонақтар жиналды, олардың қатарында Шри-Ланки, Непал, Ауғанстан, Пәкістан, Жапония, Мальдива елшілері, журналистері және 15 елдің кәсіпкерлері болды.