2020 жылға дейін Астанада 50 мыңға жуық пәтер тапсырылады

АСТАНА.  25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі 2020 жылға дейін 2,5 млн. шаршы метр тұрғын үй тапсырады.

Бұл туралы Астанада қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында елордадағы тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен оны дамыту болашақтары туралы мәселені талқылау барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті.

Оның айтуынша, елорда әкімдігі бүгінгі күні 2020 жылға дейінгі тұрғын үй мен инжинерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша ұсыныстарды қарап шыққан. Осы мақсатқа қала аумағынан 300 гектар жер резервке қойылды.

«Мемлекеттік қаржыландыруды жоспарлау көлеміне келсек, 2020 жылға дейін Астанада тапсырылатын үйлердің ауданы 2,5 млн. шаршы метрді құрайды. Бұл шамамен 49 600 пәтер деген сөз», - деді С. Хорошун.

Бұл ретте  Астана әкімдігі 735 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 14,5 мың пәтер, ал «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры - 808 мың. шаршы метр немесе 16 мың пәтер, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ - 352 мың шаршы метр немесе 7 мың пәтер салады. Бұдан бөлек, апатты және ескі үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша 608 мың шаршы метр  немесе 12 мың пәтер салынады деп жоспарлануда.

«Бюджет қаржысы есебінен жыл сайын орта есеппен 300 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Бұл негізінен пайдалануға берілетін үйлердің жалпы көлемінің  20 айызын ғана құрайды. Осыған орай, жыл сайын Астанада 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй тапсыру жоспарланған», - деді әкім орынбасары.