«2020 жылға дейін қалаларды сумен жабдықтау 100, ауылдық елді мекендерді 80 пайыз, қалаларды су бұрумен 100, ал ауылдарды 20 пайыз қамтамасыз ету жоспарлануда. 2011-2013 жылдар аралығында бағдарлама іс-шараларын жүзеге асыруға 315,1 млрд. теңге бағытталады. 2013 жылы бағдарламада жоспарланған межеге қол жеткізіледі», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, 2011-2012 жылдарда ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұрудағы 492 жобаны жүзеге асыруға 62,5 млрд. теңге бағытталған. Ал жыл басында жоспарланған 316 нысанның 225-сі пайдалануға берілген.
«Жоспардың орындалмауының негізгі себептері: жергілікті бюджеттен қаржыландырылмауы, тиімсіз жоспарлануы, әкімдіктер тарапынан құрылыс барысына бақылаудың әлсіз болуы», - деді Б.Жәмішев.