Табиғи газды асыға күткен облыс тұрғындарының көпшілігі биылғы жылы көгілдір отынға қол жеткізді. Сөйтіп өңірді газдандыру 23%-ды құрап отыр.
«Табиғи газға өтудің артықшылығы өте көп: біріншіден, өңір тұрғындарының жылуға кететін шығыны азаяды, екіншіден, тұрғындардың өмір сүру қолайлылығы артады, ең бастысы басқа отын түрлеріне қарағанда экологиялық жағынан таза», - деді Амандық Баталов.
Еске салсақ, 2020 жылға қарай Алматы облысының бес ауданы мен Қапшағай қаласы толығымен 100% газдандырылады, ал жалпы облыста газбен қамту деңгейі 45%-ке жетеді.
Сондай ақ, өңір басшысы Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86%-ке жеткенін мәлім етті. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш (ҚР бойынша - 55 %). Брифинге белгілі болғанындай, биылғы жылы Алматы облысында жалпы құны 9,9 млрд. теңге болатын 107 жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 18 елді мекенге су құбыры жүргізіліп, 80-інде су сапасы жақсарады.