2020 жылға қарай Еуропада жол-көлік оқиғаcы екі есе қысқаруы тиіс - Еуропарламент қарары
Бұл туралы бүгін Страсбургте қабылданған Еуропарламент қарарында айтылған, деп хабарлады еуропалық заңнамалық органның баспасөз қызметі.
Қабылданған қарарда атап өтілгендей, Еуроодақ коммерциялық жүк және жолаушылар көліктері құралдарында алкогольге қарсы кілттерді пайдалануды, тұрғын үй алаптарында жылдамдықты сағатына 30 шақырымға дейін шектеуді ынталандыруды, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін, жол белгілерін және алкогольге қарсы тестілерді пайдалануды үйлестіріп отыру қажет.
Еуродепутаттар 2020 жылға қарай жолдардағы өлімді екі есеге дейін төмендетуге бағытталған 100-ден астам жаңа шараларды қабылдауды ұсынады. Сонымен қатар еуропалық парламентшілер Еурокомиссияға жолдағы қауіпсіздік бойынша Еуроодақ үйлестірушісін тағайындауға кеңес берді.