2020 жылға қарай Қазақстан арқылы 2 млн контейнер өтетін болады
«2011 жылы Қазақстан арқылы Еуропаға 1000 контейнер өткен болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 201 мыңға жетті. 7 жылда 200 есе өсетін бизнесті көз алдыңызға елестетіңізші?! Біздің болжамымызша, Қытай-Еуропа бағытындағы транзиттік жүк тасымалы биыл екі есе артады», - дейді Санжар Елубаев.
Ол, сондай-ақ мұндай қарқынды өсімге қалай қол жеткізілгенін де түсіндірді.
«Транзиттің құрылымынан, көрші елдер тек өз экономикасының өсімі арқылы ғана транзитті арттырып отырғанын көруге болады. Қытайдан Еуропаға теңіз арқылы жылына 20-30 млн контейнер жүк барады. Демек, біз мұнда зор әлеуетке иеміз. «Нұрлы жол: Бір белдеу-бір жол» саясатының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы 2 млн контейнер өтеді деп болжап отырмыз, біз оған дайынбыз», - деді ол.