«Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына сәйкес Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымал көлемін 7 есе, контейнермен тасымал көлемін 2 миллион контейнерге дейін жеткізу, транзиттік тасымалдан алынатын кіріс көлемін 5,5 есе арттырып, жылына 4 млрд. долларға жеткізу тапсырмасы берілді»,- деді ол темір жолы фитингтік тлатформаларын шығару жобасын жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихаты барысында.
Ғаппаровтың атап өтуінше, мұндай нәтижеге қол жеткізуге 2020 жылға дейін Қазақстанның көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған темір жол жүк вагондары паркін жаңарту жұмыстары өз септігін тигізетін болады. Аталған бағдарламада 2020 жылға қарай жүк және жолаушылар жылжымалы құрамы тозуын сәйкесінше 40 және 42 пайызға дейін төмендету көзделген. Осыған байланысты 2020 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы тасымалданатын жүк көлемі 18,1 млн. тоннаға дейін артатын болады.
Ал шараға қатысқан «ҚТЖ-Экспресс» АҚ басқармасының төрағасы Диас Ысқақовтың айтуынша, Қазақстан «Чэнду-Еуропа» бағытындағы маңызды көлік торабы саналады. Қытайдан Еуропаға қатынайтын пойыздардың 80 пайыздан астамы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі аумағы мен Қазақстан арқылы өтеді.