Елбасының айтуынша, 2020 жылға қарай қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 72 жасты құрайтын болады.
Мемлекет басшысының атап көрсеткеніндей, 2020 жылға қарай өндірістегі білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрайтын болады, жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға төмендейді, ал ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2014 жылы екі есеге, ал 2020 жылға қарай төрт есеге ұлғаятын болады.
11:52, 28 Қаңтар 2011
2020 жылға қарай Қазақстан халқының саны 18 млн. адамға жететін болады-Мемлекет басшысы
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2020 жылға қарай Қазақстан халқының саны 18 млн. адамға жететін болады. Бүгін, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.