Бұл туралы бүгін bnews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті.
«Қазір біздің компания ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің кең жолақты интернеттің қолжетімділік жоспары бағдарламасына сәйкес, ауылдық жерлерде сымсыз кең жолақты ғаламторды жүргізу жұмыстарын атқаруда. Осы қызметті ұсынғаннан кейін біз оның жылдамдығын арттыру бойынша іс-қимыл жасауды бастаймыз. Нәтижесінде бұл 2020 жылға қарай Қазақстанның барлық мектептеріндегі кең жолақты интернеттің жылдамдығын 4 Мбитқа дейін жоғарылатуға әсер етеді», - дейді Қ. Есекеев.