«ТКШ, жылумен, сумен жабдықтау, су бұру желілерін жаңғырту үшін 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан 60 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді. Бағдарламаның іске асырылуының келесі жылдары жыл сайын 100 млрд. теңгеден кем емес қаражат бөлінетін болады. Одан басқа, 2015 жылдан бастап Халықаралық қаржылық ұйымдар қарыздары тартылатын болады», - деді М.Құсайынов.
Оның сөзіне қарағанда, коммуналдық желілерді жаңғырту жобаларының іске асырылуы 2020 жылға жылумен, сумен жабдықтау, су бұру желілерінің тозуын 65 пайыздан 53 пайызға төмендетуге және желілердегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарады.