2020 жылға қарай коммуналдық желілердің тозуын 45-55 пайызға дейін төмендету жоспарлануда - ҚР ТМРА-нің бастығы
Оның жұмысына Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов, мәслихаттар депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, монополияшылар кәсіпорындарының басшылары, мемлекеттік органдар, ардагерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
- Біз тарифтік саясатты жетілдіру бойынша жұмыс атқарудамыз. Бұл бірінші кезекте табиғи монополия субъектілерінің шекті тарифтерге өтуін қарастырады. Шекті тарифтерді қолданудың негізгі басымдылықтарының біріне тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдылығы, активтерді жаңғыртуда инвестициялардың өсімі», - дейді Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.
- Жылу желілері қатты тозған. Бүгінде ол 65-тен 75-ке дейінгі пайызды құрайды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламаларымен, «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасымен біз желілердің тозуын 2020 жылға қарай 45-55 пайызға дейін төмендетуді есептеп отырмыз», - деп қосып өтті ол.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес реттелетін салалардағы тарифтік табыс есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарына 452 млрд. теңгені, сумен жабдықтау және сарқын суды ағызу нысандары үшін - 113 млрд. астам теңгені инвестициялау жоспарлануда. Бюджеттік қаражат есебінен, сумен жабдықтау және сарқын суды ағызу нысандарына 1,2 трлн. астам теңгені инвестициялау керек.