ҚР Туризм саласын дамыту тұжырымдамасының барлық жобаларын жүзеге асырған жағдайда 2020 жылға қарай елімізге келетін туристер саны жылына 8,4 млн. адамға жетеді деп болжануда. Сонымен қатар, қосымша 200 мың жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін, деп ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінен хабарлады.
Сонымен, Тұжырымдама аясында 5 туристік кластерді құру жоспарлануда. Олар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан. Аталмыш кластерлерде ұлттық жобаларды жүзеге асыру көзделген. Мәселен, Бурабай жобасы Астана кластерінде, Бұқтырма мен Қатон-Қарағай Шығыс Қазақстан кластерінде, Кендірлі Батыс Қазақстан кластерінде жүзеге асырылады.