Министрдің айтуынша, Мәдениет саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай ұлттық кітапханалық кітап қорын 100 пайыз цифрлауға қол жеткізіледі. Сонымен бірге, халықтың кітапханаларға, театрларға келу саны 2 есе, музейлерге келу саны 3 есе көбейетіні күтіледі.
«Мәдениет саясаты арқасында елімізде шығармашылық бәсекеге қабілеттілікті дамыту және дарындыларды ілгерілету шаралары кеңінен қамтылады. Біздің негізгі міндетіміз - мәдени мұраны сақтап, оны кеңінен насихаттау. Бәсекеге қабілетті және танымал болатын мәдени өнімдер шығару», - деді А.Мұхамедиұлы.
Бұдан бөлек, министр 2025 жылға қарай виртуалды музейлер желісін құру жоспарланатынын атап өтті. Бұл үшін музейдегі барлық қорлар, концерттер мен басқа да тарихи-мәдени маңызы жоғары элементтер электронды форматқа көшіріледі.