Олимпиада эмблемасы ретінде "Т" әрпі, ал Паралимпиада эмблемасы ретінде - тік тұрғызылған тең (=) белгісі таныстырылды.
Екі эмблемада да бірыңғай әлем символы ретінде ойластырылған шеңбер бар, ал оның қызыл түсі әр адамның соққан жүрегін білдіреді.
Эмблемалардағы қара жолақ барлық түстердің жиынтығын білдіреді.
NHK телекомпаниясы хабарлағандай, таңдалған "Т" үш сөздің бірінші әріптері- Tokyo ("Токио"), Team ("команда") және Tomorrow ("ертең"). "Т" әрпінің астында дәстүрлі бес сақина орналасқан.