«Қазір Алматыда 4 дамба бар. Бүгінгі күні селге ең осал жер - Алматы Үлкен өзені бассейнінің «Аюсай» шатқалы болып отыр. Соңғы 20 жыл ішінде ол жақта көптеген ойын-сауық орындары салынды. Соның салдарынан Ақсай өзенінің бассейні селге төтеп бере алмайды.
«Қазселденқорғау» мекемесі құрылысты келесі жылы бастайды, - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров.
Бөгеттің сметалық жобасын әзірлеу 2016 жылы басталды. Алматы маңында 37 морена көлі бар, олардың 15-і қауіпті, биыл 7 көл ең қауіптілердің қатарына енді. Жаз және күз айларында олардан суды босату жұмыстары жүргізілді.