«Біз девелопментке инвестиция тартуға мүдделіміз: тұрғын үй құрылысына, қонақ үйлер, мейрамханалар, балалардың ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері сияқты нысандардың құрылысына, көлік, энергетикалық құрылымға инвестиция тартуды көздеп отырмыз», - деп атап көрсетті Әсет Исекешев.
Сондай-ақ, ол Астана урбанистік даму жолымен келе жатқанын атап көрсетті. Көлік, медициналық салаларға енгізіліп жатқан смарт-технологиялар адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Инновациялар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері арқылы ендірілетін болады, деді ол.
Қала әкімі кәсіпкерлерді қызықтырған сауалдарға жауап беріп, басқармалардың басшыларына кейбір мәселелерді қарастыруды тапсырды.
Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының төрағасы Аудрис Барцявичюстің айтуынша, кездесу жемісті өтті.
«Адамдар байланыс орната ады, ал бұл Астанада бизнесті дамытуға жасалған қадам», - деді ол.
Айта кетерлігі, Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы - коммерциялық емес ұйым, қауымдастыққа 150 компания кіреді, олардың арасында халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар бар. Ұйымның негізгі басымдығы бизнес пен мемлекет арасында құрылымдық диалог жүргізу үшін тиімді алаң құру.