Бұл туралы бүгін Астанада Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-отырысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
«2020 жылы ірі қалаларда көмірмен жұмыс жасайтын жылу электр стансаларын алмастыратын газ элект стансаларының үлесі жиырма пайызға жетеді, 2050 жылы - 30 пайыз», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, Астанада EXPO-2017 шарасының өткізілетін мерзімінде жел және күн электр стансаларының үлесі 3 пайызға дейін көтерілмек.
«Баламалы энергияның, соның ішінде атом және су электр стансаларының үлесі 2030 жылы 20 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға дейін жеткізіледі», - деп атап өтті Н.Қаппаров.