«Энергия өндіруші кәсіпорындарға 58,8 млн тонна көмір тиелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артық. Өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн тонна көмір жөнелтілді, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,6 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты шамамен 29,3 млн тоннаны құрады», - делінген ведомство мәліметінде.
Естеріңізге сала кетейік, 2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес, тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындарға 7,2 млн тоннасы тиесілі.
2021 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету мынадай көрсеткіштерді құрайды:
-коммуналдық-тұрмыстық сектор - 93,4%;
-тұрғындар - 99,5%.
Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті.
«Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарының, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері халыққа көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті», - деп аталып өткен министрлік хабарламасында.