«Өткен жылдың қорытындысында KAZAKH INVEST-тің қолдауымен жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ долл құрайтын 41 инвестициялық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 7 мың жаңа жұмыс орын құрылды», - деді Мейіржан Жүсіп Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Ұлттық компания басшысының дерегінше, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде – 8 жоба, жаңартылатын энергия көздері бойынша – 7 жоба, машина жасау саласында - 6 жоба, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында – 3 жоба, жылжымайтын мүлік, фармацевтика, денсаулық сақтау, құрылыс материалдары салаларында – 2 жобадан және химия, металлургия және басқа да салаларда бір-бір жобадан жүзеге асырылды.