2020 жылы ұялы байланыстың 2-буынымен тұрғындары 500-ден асатын барлық елді мекен қамтылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылы ұялы байланыстың 2-буынымен тұрғындары 500-ден асатын барлық елді-мекен қамтылады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы уақытта министрлік  қамту аймағын одан  әрі кеңейтіп, 2020  жылға қарай  ұялы байланыстың екінші буынымен  тұрғындары 500-ден асатын  барлық елді-мекенді, сонымен  бірге республикалық және облыстық  маңызы бар көлік жолдары мен темір жолдарды қамтамасыз етуді  жоспарлап отыр. Ауылдық жерлерді айтатын болсақ,  қазіргі уақытта барлық елді мекендер интернетке қолы жетімді»,-  деді министр.

Дегенмен ол бұл байланыс желісінің уақыт талабы мен ауыл халқының  сұранысына сай келмей отырғандығын мойындады.

«Осыған сай біз операторларымызбен  бірлесіп, ауылдық елді мекендерге оптикалық-талшықты желі тарту жұмысына кірістік. Осы жобаның аясында шамамен 5 миллионға жуық адам тұратын 1900 елді мекенді жылдамдығы  жоғары интернетке қосу жоспарлануда»,-  деді Д. Абаев.