«Бұл біз 2019 жылы бастамашылық еткен, бірақ 2020 жылы саяси реформалардың бірінші пакеті, саяси партиялар туралы заңға және сайлау туралы заңға енгізілген партиялық квотаны орындайтын алғашқы сайлау . Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ол жұмыс істейді. Сайлауға әйелдер квотасын алғаш енгізген елдер – Скандинавия елдері: Норвегия, Швеция, Исландия, Дания. Бұл елдерде әйелдер үшін заңнамалық квота бар, сонымен қатар жастар квотасы бар», - деді Алуа Жолдыбалина елордада «Сайлау – 2021: үгіт-насихат трендтері» тақырыбында өткен сарапшылар талқылауында.
Оның айтуынша, аталған елдердің 25-30 жылдағы тәжірибесі көрсеткендей, әйелдердің сайлау және саяси процестерге қатысуы жақсы, оң нәтиже көрсетеді.
«Кейбір ел соңғы 20 жылда квотаны көбейтті. Мысалы, Норвегияда әйелдер квотасы 50% құраса, Данияда 40% құрайды. Бұл заңнама бекітіліп қойылған. Еуропаның көптеген елдері бұл квоталарды партиялық тізімге енгізуге мүдделі және оны жүзеге асыруда», - дейді сарапшы.