«Мемлекеттік органдар жауапкершілік алғысы келмейді. Сотқа сілтейді. Өз актілерін өзгертуге қорқады. «Сотқа барып, оның шешімін алып келіңіздер» дейді. Әкімшілік әділет туралы кодекске үлкен үміт артып отырмыз. Ол 2021 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізіледі. Әкімшілік әділет енгізілген елдерде мемлекеттік органдардың тәртібі мен жауапкершілігі күрт артқан», - деді Жақып Асанов.
Оның атап өтуінше, адалдыққа шақыру кейде нәтижелі бола бермейді. Сондықтан да қатаң әдістерді қолға алуға тура келеді.
«Қауіпсіздік қызметін ҰҚК мамандарымен күшейттік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жұмыс жолға қойылды. Нәтижесінде 2018 жылдан бері 28 судья қылмыстық қудалау субъектісі болды. Бұл осыған дейінгі 8 жылды қоса алғаннан да көп. Олардың ішінде 14-і сотталды, қалғандары жұмыстан шығарылды немесе іс әлі де сотта қаралып жатыр», - деді Жоғарғы сот төрағасы.