«Қазақстанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің қысқаруы 2,6% болды, бұл қабылданған дағдарысқа қарсы бұрын-соңды болмаған шаралардың арқасында жалпы әлемдік құлдыраудан (4,4%) айтарлықтай төмен. 2020 жылдың 2-ші тоқсанында рекорд құлдыраудан кейін іскерлік белсенділік дағдарысқа дейінгі деңгейге қарай қалпына келуде. Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2021 жылдың 2-ші тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасы оң траекторияға шығады», - деді Е. Досаев.
Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай бағасы бір баррель үшін 45 АҚШ доллары болған кезде 3,7-4 пайызға деңгейінде өседі деп күтіледі.