2021 жылға дейін заң жобалау жұмыстары электронды жүйеге көшеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрлігі мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдеріне «Е-Заңнама» сервистік бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Әділетминистрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары Алма Мұқанованыңайтуынша, 3 жылға жоспарланған жобаға жыл сайын 35 млн теңге қаржы бөлінеді.

«Бұл ақпараттықжүйе «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының 61-қадамына сәйкес қолға алынды. Заңжобалау жұмыстарын электронды түрде қалыптастыру, заң жобасыныңтұжырымдамасынан бастап, сол жобаның қабылдануына дейінгі бүкіл процестердіавтоматтандыруды көзделген. Оны 3 кезеңде дайындап, 2021 жылы толықтай енгізужоспарланып отыр. 3 жылға 105 млн теңге бөлінген. «Зерде» акционерлік қоғамыдайындаған жүйе күн сайын жетілдіріліп жатыр», - дейді Алма Мұқанова.

Аталмыш жүйедедайындалып жатқан заңнамалық өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттік органдармен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аккредиттелген бизнеснысандардың назарына ұсынылады.

«Қазіргі таңда заңжобасын дайындау жұмыстарының бір бөлігі қағаз нұсқада іске асады. Әсіресенормаларды бірнеше мемлекеттік орган мақұлдау үшін уақты көп кетеді. Ал мұндайжүйеде қандай да бір нормаға қатысты ұсыныстар мен талдаулар, сын-ескертпелермен БАҚ-та жарияланған ақпараттар бір базада сақталады. Осының арқасында заңшығару жұмысы жеңілдеп, оған кететін уақыт үнемделеді», - дейді Алма Мұқанова.

Қазіргі таңдамемлекеттік органдардың «Е-Заңнама» бағдарламасына қосылу процесі жүріп жатыр.Келешекте бұл жүйе «Ашық Үкімет» жүйесімен интеграциялануы мүмкін.

«Елдегі заң жобалаупроцесін қарапайым халық «Ашық Үкімет» жүйесі арқылы қадағалап отыр. Болашақта«Е-Заңнама» бағдарламасын аталмыш жүйемен интеграциялау жоспарланған. Бұлжүйенің тағы бір артықшылығы бар. Қандай да бір заң нормасына қатысты айтылғанұсыныстар мен сараптамалық талдаулар, өзге де маңызды ақпараттар базадасақталады. Яғни, қажет бола қалған жағдайда, «Е-Заңнама» жүйесіне кіріп,іздеген ақпаратты оңай тауып алуға болады. Жоба 2021 жылы толықтай енгізіліпбітеді. Осы аралықта оған деген қызығушылық артып, жұмысы нәтиже беріп жатса,мобильді қосымшасы да шығу мүмкін», - деді ведомство өкілі.