«Министрліктің негізгі мақсаттарының бірі халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру болып саналады. Осы бағыт аясында азаматтарды базалық цифрлық дағдыға оқыту үшін жағдай жасалады. Жүргізілген жұмыстардың, сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық бағыттарды дамытудың арқасында халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі бүгінде 76 проценттен асып отыр және 2013 жылмен салыстырғанда 13 процентке артты. Біздің болжамымызға сәйкес, 2021 жылға дейін цифрлық дағдыға шамамен миллион адам оқытылып, 100 мың ІТ-маманы дайындалады», - деді министр.
Сонымен қатар ол жаңадан әзірленіп жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жайында да сөз қозғады.
«Ол Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инфрақұрылымдарды дамытуға білікті ІТ-мамандарын дайындау, экономика салаларын цифрландыру, цифрлық үкімет құру сынды 4 негізгі бағыттағы міндеттерді шешетін болады. Бұл бағыттарды жүзеге асыру болашақта өте үлкен мультипликативті тиімділік беріп, халық деңгейінің артуына септігін тигізетін болады», - деді Дәурен Абаев.