«Тауарлар экспортының 19,9 пайызға немесе 2,9 млрд АҚШ долларына төмендеуі және импорт ағынының 7,6 млрд АҚШ долларына дейін 4,8 пайызға немесе 0,4 млрд АҚШ долларына өсуіне байланысты осы жылғы 1-тоқсанда төлем балансының ағымдағы шоты 1,2 млрд АҚШ доллар тапшылықпен қалыптасты», - Ұлттық банк төрағасы.
Оның атап өтуінше, тауарлар импорты азық-түлікке жатпайтын тұтынушылық және инвестициялық тауарларды әкелудің ұлғаюы есебінен іскерлік белсенділіктің қалпына келуі және кейінге қалдырылған ішкі сұраныс аясында өсті.
«Автомобильдер, киім-кешек және компьютерлер сияқты тауарларды әкелуде барынша көп өсу байқалады. Тауарлардың осы топтары бойынша өсу 2020 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 458 млн АҚШ долларын құрады», - деді Ерболат Досаев.