НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қысқы универсиада ойындары 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) мәлім етті.
Естеріңізге сала кетелік, аталмыш дүбірлі доданы Швейцарияның Люцерн қаласында алдағы жылдың 21-31қаңтарында өткізу жоспарланған.
Әлемде жайлаған пандемияға байланысты ол кейінге шегерілген еді .
Ендігі кезекте универсиада өтетін нақты мерзім анықталды. Ол 2021 жылдың 11 және 21 желтоқсан күндеріне белгіленді.
Универсиада ойындары 1959 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2017 жылы қысқы универсиада Қазақстанның Алматы қаласында ұйымдастырылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.