НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы Азия ойындарын өткізудің жаңа мерзімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми мәлімдеді.
Енді Азиада 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтеді.
Аталған турнирдің өткізу мерзімі негізінде 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығына белгіленген еді. Азяи ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетіні жоспарланған болатын. Әлемдегі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ол кейінге шегерілді.
Өз тарихында 29 мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.
Оған әзірге 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.
Қазірге дейін қазақстандық спортшылар аталған жарыста 1000 медальға қол жеткізді. Олардың 140-ы алтын, 600-і күміс, 260-ы қола.
Фото: newgamescomings.blogspot.com
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.