Бұған дейін ФИФА кеңсесінде Катар елінде жазда, аптап ыстық кезінде ойындар өткізу мүмкін еместігі көтерілген. Сонымен қатар, Ресейдің Спорт министрі Виталий Мутко да чемпионат мерзімі 28 күнге дейін қысқарып, қараша-желтоқсан айларында өтуі мүмкін екенін айтқан. Турнирдің нақты уақыттары әлі анықталған жоқ.
04:04, 20 Наурыз 2015
2022 жылғы футболдан Әлем чемпионатының финалдағы ойындары қыста өтетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА басшылығы 2022 жылы өтетін футболдан Әлем Чемпионатының финалдағы ойындарын Катарда жаз айында емес, қыста 18 желтоқсанда өткізу туралы шешім қабылдады, деп жазады ВВС агенттігі.