2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалаларды анықтау 2015 жылы басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалаларды анықтау жұмыстары 2015 жылы басталады.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне Халықаралық Олимпиада комитеті бағалау комиссиясының басшысы (ХОК), Ресейдің Олимпиада комитетінің президенті Александр Жуков мәлімдеді.

Комиссия 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім берген қалаларды бағалайды. Алдағы 7 шілде күні Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитеті атқарушы комитетінің отырысы өтеді. Онда қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалалардың аттары ресми түрде жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, әзірге өтінім берген мемлекеттердің қатарында Қазақстан (Алматы), Норвегия (Осло) және Қытай (Бейжің және Чжанцзякоу) елдері бар.

«ХОК-тың атқарушы комитеті үміткер қалаларды ресми түрде жариялаған соң, біз іске кірісеміз, - деді өз сөзінде А. Жуков. - Қалалар таңдаламай жатып, мен бұл жұмысты бастай алмаймын. Үміткерлер анықталған соң, біз арнайы комиссия құрамыз. Сосын, 2015 жылдың басынан бастап, бағалау сапарына шығады».

Ал 2022 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы 2015 жылы шілде-тамыз айларында Халықаралық Олимпиада комитетінің Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өтетін кезекті сессиясында жарияланады.