2022 жылы АҚШ ғарышқа ең көп кеме ұшырды

Фото:
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – 2022 жылдың ғарыш ұшырылымдарының қорытындысы жасалды. Әлемдегі ғарыш державалары жұмысының статистикасын SpaceNews жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ көшбасшы болды. Америкалықтар 2022 жылы 87 ұшырылым жасады, соның 84-і сәтті болды.

Илон Масктың бір компаниясы SpaceX 2022 жылы 61 рет ұшырылым жасады.

Екінші орында - Қытай. Ол 2022 жылы өткен жылғы рекордын жаңартты. ҚХР 2021 55 рет, 2022 жылы 64 ғарыш ұшырылымын жасады. 55 ұшырылымды Қытай аэроғарыш ғылыми-техникалық корпорациясы (CASC) жүзеге асырды. Оның 53-інде «Чанчжэн» зымыранын қолданды. Бәрі сәтті жүзеге асты.

Қалған ұшырылымдарды Espace, China Rocket және CAS Space сияқты CASC еншілес компаниялары, сондай-ақ Galactic Energy, iSpace және Landspace жеке компаниялары жүргізді. Қытайлық зымырандардың 64 ұшырылымының екеуі апатқа ұшырады.

2022 жылы ғарышқа ұшырудан үшінші орынды Ресей иеленді. Өткен жылы Роскосмос 22 сәтті ғарыштық ұшырылым орындады, оның 7-і Байқоңыр ғарыш айлағының үлесіне тиесілі.

Жоғарыда келтірілген статистикаға сәйкес, Еуропалық одақ 5 ұшырылым жүзеге асырды, оның біреуі сәтсіз аяқталды.

2022 жылы әлемде барлығы 178 зымыран тасығыш ұшыру жүргізілді, оның ішінде 6-ы апатқа ұшырады.


Соңғы жаңалықтар