Әкімнің айтуынша, ғаламтор қолжетімділігі - өзекті мәселенің бірі.
«Meganet» компаниясымен талшықты оптикалық байланыс жолдары арқылы ғаламторға 1 586 абонент қосылды. Кезекте – «Нұршашқан», «Тастыбұлақ», «Таусамалы», «Ақжар», «Қалқаман-2», «Қайрат», «Шұғыла», «Достық», «Ақбұлақ», «Қарағайлы» шағынаудандарының 304 абоненті тұр. Сондай-ақ «Қазақтелеком» жеке аудандарда ғаламторға сымсыз қол жеткізу үшін FWA желісінің құрылысын жүргізуде. Желі Алатау ауданының «Алғабас» шағынауданында іске қосылды. Кезекте Алатау ауданының «Өжет», «Боралдай», «Теректі», Наурызбайдың «Таусамалы», Түрксібтің «Әлмерек» пен «Нұршашқан» шағынаудандары тұр. Осы жылдың соңына дейін 2 мыңға жуық абонентті қамту жоспарда бар», - деп жазды Б.Сағынтаев.
11:37, 03 Қаңтар 2022
2022 жылы Алматыда екі мыңға жуық абонентті ғаламторға қосу жоспарланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда талшықты оптикалық байланыс жолдары арқылы ғаламторға 1 586 абонент қосылды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.