«Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру аясында кредит пен кепілдерді алуға арналған өтінім беруді автоматтандыру жүргізіліп жатыр. Өткен жылдың ішінде 40 мыңнан астам фермер жалпы сомасы 400 млн теңгені құрайтын онлайн-кредит алды», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, 2021 жылға қарай аталған процесс «бір шерту арқылы онлайн-кредитке» дейін автоматтандырылатын болады.
«Астық дақылдарын сату барысында электронды сауда жүзеге асырылып жатыр. 2022 жылға қарай делдалдық буынды жою арқылы сатылым көлемінің 20 пайызын электронды форматқа жеткізу жоспарланып отыр», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, министр жиын барысында ІТ-саласындағы білікті мамандарды уыстан шығарып алмауымыз қажеттігін де айтты.