«Сарыарқа және Алматы аудандарында барак үлгісіндегі ескілер үйлер баршылық. Сонымен қатар ескі жатақханалар мен тозығы жеткен бес қабатты үйлер көп кездеседі. Биыл 257 отбасыны көшіреміз», - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.
Оның айтуынша, үлескерлер мәселесі толық шешілгеннен кейін, негізгі екпін апатты ескі үйлерге қойылады.
«2022-2023 жылдар үлескерлер проблемасын шешеміз. Ал 2022 жылдан бастап ескі үйлерді бұзуға ерекше мән береміз. Осы орайда апатты үйлердегі тұрғындарды жаңа баспанаға көшіреміз», - деді қала әкімі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алтай Көлгінов үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты.