«2022 жылы мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық базасы әрбір азаматтың цифрлық профилін құра отырып, бірыңғай жүйеге ықпалдастырылатын болады», - деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында.
Премьер-Министрдің айтуынша, қоғам тарапынан мемлекеттік органдардың қызметіне тұрақты бақылау болып, ашықтық қамтамасыз етіледі.
«Биыл Қазақстан Президентінің тиісті Жарлығына қол қойылатын болады», - деді Асқар Мамин.