Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта Арнайы мемлекеттік қорға түскен қаражаттың жалпы көлемі 593,2 млрд теңгені құрап отыр. Оның құрамына қайтарылған ақша қаражаты, қайтарылған активтерді сатудан түскен түсімдер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша тәркіленген мүлік және басқа да активтер кіреді.
— Жиналған қаражат есебінен еліміздің барлық өңірінде жалпы сомасы 553,7 млрд теңгеге денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, білім беру, спорт, көлік және энергетика салаларындағы 483 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба қаржыландырылды, — деді спикер.
Сонымен қатар комитет төрағасы 2023 жылдан бастап басқарушы компанияға жалпы құны 99,84 млрд теңге болатын 269 қайтарылған актив берілді. Басқарушы компания активтерді басқару және сату нәтижесінде Арнайы мемлекеттік қорға 51 млрд теңге аударғанын атап өтті.
Бұған дейін 2025 жылы мемлекеттік акциялар үлесінен бюджетке қанша кіріс түскенін жазғанбыз.