Министр тартақан мәліметтерге қарағана, бүгінгі күні республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. Өткен жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,4 млн адамға, оның ішінде 2,3 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 4,6 трлн теңге жұмсалды.
Осы жылдың 11 айында өмірлік қиын жағдайға тап болған 595,7 мыңнан астам қазақстандық 52,4 млрд теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік көмек түрінде мемлекеттен қолдау алды. АӘК алушылар арасынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға 1,5 АЕК мөлшерінде 6,7 млрд теңге сомасына 186,1 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,7 %-ға дейін төмендетуге ықпал етті. Биыл 961,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Оқыту және кәсіптік бағдар беру түрінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен шамамен 311,1 мың адам қамтылды»,-деді министр.