2023 жылы алматылықтар 400 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік алды

2023 жылы Азаматтарға арналған үкімет арқылы 2,6 миллионнан астам қазақстандық төлқұжат пен жеке куәлік алған, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: агентство Kazinform

Оның ішінде алматылықтар өткен жылы 400 мыңнан астам паспорт пен жеке куәлік алды.

«Алматы ХҚО-лары арқылы 427 303 шетелдік паспорттар мен жеке куәліктер берілді. Бұл ретте өткен жылы 5300 адам Медеу аудандық ХҚО-дағы құжаттау терминалдары арқылы өтінім берді. Терминалдар уақытты үнемдейді және бірнеше минут ішінде өтінім беруге мүмкіндік береді. Биыл Әуезов аудандық ХҚО-да да құжаттандыру бойынша терминалдар орнату жоспарлануда», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Айта кетейік, 2024 жылға келесідей мемлекеттік баж алымы белгіленді: ҚР азаматының 36 парақты төлқұжаты үшін — 8 АЕК, 48 парақты төлқұжат үшін — 12 АЕК, 24 парақты төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балаларға) — 4 АЕК. Жеке куәлік үшін төлем 0,2 АЕК-ті құрайды.

Еске салсақ, өткен жылы төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру сұраныстағы мемлекеттік қызметтер қатарында болған.