«Тарифтік саясатты реформалау үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бастамасы пысықталуда. Ол салаға жаңа инвестицияларды ынталандыру арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды көздейді. Желілердің тозуының 20%-ке дейін төмендету көрсеткішіне 2029 жылға қарай қол жеткізу жоспарлануда.
Жаңа тарифтік саясаттың тәсілдеріне көшуді қамтамасыз ету тиісті жол картасы шеңберінде іске асырылатын болады.
Қазіргі уақытта коммуналдық желілерді жаңғырту мақсатында инвестициялар көлемін ұлғайту үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер әзірленуде», - деді бірінші вице-министр.
Сондай-ақ, ол Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы өзектендіріліп жатқанын еске салды.
«Биыл инфляцияның жоғары деңгейі халықтың табысына теріс әсерін тигізуде. Бұған қоса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін өсіріледі..
Осы және де басқа өзгерістерді ескере отырып, алдағы уақытта Бағдарламаны өзектендіру үшін жаңа тәсілдер мемлекеттік органдармен пысықталуда», - деді Тиумр Жақсылықов.