«Өткен жылдың қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алудың жалпы көлемі 5,7 трлн теңгені құрады. Сатып алу көлемінің 77 пайызы ірі мұнай-газ жобаларының операторларына; «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобына 12 пайыз, қалған жер қойнауын пайдаланушыларға 11 пайызы тиесілі. Өткен жылы қазақстандық қамту үлесінің орташа салалық көрсеткіші 3,4 трлн теңге сомаға 59,74 пайызды құрады. Оның ішінде тауарлар – 27,3, жұмыстар – 77, көрсетілетін қызметтер – 50,2 пайыз. Биылғы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 1,5 трлн теңгені, қазақстандық қамту үлесінің орташа салалық көрсеткіші 832,24 млрд теңге сомасына 55,97 пайызды құрады», - деді министр.
Осы ретте ол ірі жобалардағы тауарлардағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту мақсатында Мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылғанын атап өтті.
«Орталық 123 отандық өндірушілерді аралап, шамамен 400 млн АҚШ доллары сомасына барлық ірі жобаларда ұзақ мерзімді перспективада сұранысқа ие өнімнің 7 тауар тобын анықтады. Бұл 7 тауар тобы ірі операторлардың барлық сатып алуларының 40 пайызын құрайды. Қосымша биыл мынадай 5 тауар тобы анықталды: тиеу-түсіру жабдықтары мен материалдары, жылу алмастырғыштар жылу алмасу жабдықтары, өртке қарсы жабдықтар, химиялық заттар майлар бояулар, оқшаулағыш және отқа төзімді материалдар», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда орталық өндірістерді оқшаулау және технологиялар трансферті бойынша халықаралық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатыр.
«Атап айтқанда, әлемдік жабдық өндірушілерімен 16 меморандум мен келісімге қол қойылды, Honeywell (АҚШ), PetrolValves (Италия), Sigma Solutions, Emerson (АҚШ) компаниясымен газ детекторларын, жарылыстан қорғалған орындауды басқару жүйелерінің шкафтарын, электр тарату қораптары мен сорғыларын, сондай-ақ қысым датчиктерін шығару бойынша 4 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді Алмасадам Сәтқалиев.