«Үкімет аймақтарды, әсіресе ауылдарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құрып, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылдады. Мәселен, 2026 жылға дейін ауылдарды қолдауға шамамен 2 триллион теңге бөлу жоспарланған. Алдағы 3 жылда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге 560 млрд теңге бөлінеді. Егер орындалуын қатаң бақыласақ, 2023 жылдың соңына қарай барлық ауылдық елді мекендер сапалы ауыз суға қол жеткізеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.