«Қашаған» мәселесіне келсек, қазіргі таңда консорциум операторы «Норт Каспиан Оперейтинг» ағымдағы жылдың сәуір айында кен орнындағы құбырларды толық ауыстыру қажеттігін нақтылады. Соған орай, құбырларды толық ауыстыру, содан кейін мұнай өндіруді жаңғырту 2016 жылдың екінші жартысына немесе ары кеткенде 2016 жылдың соңына қарай күтіледі. Егер барлығы жоспарға сай болса, онда осы мезгілде кен орнынан мұнай өндіретін боламыз», - деді В.Школьник.
Оның айтуынша, келешек жобаларды жүзеге асырып, Теңіз кен орнын кеңейту және Қашаған кенін игерудің орнықты деңгейге шығуы еліміздің мұнай секторындағы позициясын арттыра түседі. Атап айтқанда, 2023 жылға қарай Қазақстан жылына 100 млн. тонна мұнай өндіруге қол жеткізе алады.
Тоқтала кететін жайт, «Қашаған» жобасы бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жалпы құнын Мердігер компания шамамен 1,6 млрд долларға бағалаған, ал балама нұсқа бойынша оның құны 3,6 млрд доллар болып отыр.