2023 жылы экономиканың өсу қарқыны кем дегенде 4 пайыз болады – Үкімет болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы ел экономикасының өсу қарқыны кем дегенде 4 пайыз болады деп болжанады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауалды бағдарламаны орындау үшін Республикалық штаб құрылды. Барлық мемлекеттік органдар өздерінің салалық концепцияларын және ведомстволық даму жоспарларын әзірлеуде. Олар жыл басында бекітіледі», - деді Әлихан Смайылов.

Оның атап өтуінше, Үкімет Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру үшін барлық қажетті жұмыстарды атқарады.

«Нәтижесінде, экономика тұрақты өсіп, халықтың өмір сүру сапасы көтеріледі. 2023 жылы экономиканың өсу қарқыны кем дегенде 4 пайыз болады деп болжаймыз. Халықтың жалақыларының нақты өсуі, яғни инфляцияны алғанда 2,3 пайыз деңгейінде күтілуде. Жұмыссыздық 4,8 пайызға дейін төмендеуі керек», - деді Премьер-Министр.