«Сіздердің «Қазақстанның тарих толқынындағы үздіксіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті. Uninterrupted History of Nationhood in Kazakhstan. The Kazakh State on European and American Maps of the XVI-XIX Centuries. Atlas. Непрерывная государственность Казахстана в потоке истории. Казахское Государство на европейских и американских картах XVI-XIX веков. Атлас» атты 5 томдық жинақты жариялауға қатысты депутаттық сауалдарыңызға мынаны хабарлаймын. Қазіргі таңда республикалық бюджеттік бағдарлама есебінен 2023 жылы басып шығарылатын әдебиеттер тізімі толығымен жасақталды. Осыған орай, 5 томдық Атлас картаның еліміздің тарихы мен мемлекеттілігі үшін маңыздылығын ескере отырып, оны қосымша қаражат есебінен басып шығару және еліміздің кітапханаларына тарату мәселесі қаралатын болады», - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының атап өтуінше, осы мақсатта Мәдениет және спорт министрлігіне жинақты басып шығаруға қажетті қосымша қаражат бөлу туралы тиісті бюджеттік өтінім әзірлеу тапсырылған.
«Қазіргі уақытта министрлік М.Сыдықназаровпен байланыс орнатып, жинақты жоғары сапада басып шығаруға дайындау мәселелерін пысықтауды бастады. Сонымен қатар жинақты ғылыми ортаға кеңінен тарату мақсатында оны қосымша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қаражаты есебінен басып шығару да жоспарлануда», - деді Премьер-Министр.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың желтоқсанында Брюссельде белгілі қазақстандық ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты бірегей кітабының тұсаукесері өткен еді.
Ашық көздерден алынған фото